Skip to content

ШЖҚ МКК «№15 мектеп – лицей», Сарыарқа даңғылы 20, astana_lizei15@mail.ru,   8 71 72 22 56 61, педагогтерді лауазымға тағайындауға конкурс жариялайды.

Вакансия:

Пән атауыОқыту тілі  лауазымставка
1Бастауыш сынып мұғалімі/учитель начальных классовқазақ тілінде с каз яз обучениябос лауазым на вакантную должность1 бірл/ед
2Бастауыш сынып мұғалімі/ учитель начальных классоворыс тілінде с рус яз обучениябос лауазым на вакантную должность1 бірл/ед
3Көркем еңбек мұғалімі/учитель художественного труда (ұлдар/мальчики)орыс тілінде с рус яз обучения бос лауазым на  вакантную должность1 бірл/ед

Ескерту: Оқытылуы қазақ тіліндегі бастауыш сынып мұғалімінің санаты педагог-сарапшыдан төмен болмауы тиіс.

Біліктілік талаптары:

  1. Өз пәннің жақсы білім.
  2. Педагогикалық білім.
  3. Әртүрлі сертификаттардың болуы, өз қызметінің сипатына сәйкес кәсіби жарыстарға қатысуы, семинарларға, конкурстарға және байқауларға қатысуға дайындығы.
  4. Еңбексүйгіштік, жауапкершілік, көпшілдік.
  5. Жұмыс түрі – толық.

         Конкурсқа қатысуға ниет білдірген тұлға 19.08.25 – 27.08.25 аралығында келесі құжаттарды электронды түрде (astana_lizei15@mail.ru) немесе қағаз түрінде (Сарыарқа даңғылы 20,                     №15 мектеп –  лицей) тапсыру қажет:

1) осы Қағидаларға 10-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қоса берілетін құжаттардың тізбесін көрсете отырып, Конкурсқа қатысу туралы өтініш;

2) жеке басын куәландыратын құжат не цифрлық құжаттар сервисінен алынған электронды құжат (идентификация үшін);

3) кадрларды есепке алу бойынша толтырылған жеке іс парағы (нақты тұрғылықты мекенжайы мен байланыс телефондары көрсетілген – бар болса);

4) Педагогтердің үлгілік біліктілік сипаттамаларымен бекітілген лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білімі туралы құжаттардың көшірмелері;

5) еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі (бар болса);

6) «Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен бекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21579 болып тіркелген).

7) психоневрологиялық ұйымнан анықтама;

8) наркологиялық ұйымнан анықтама;

9) сертификаттаудан өту нәтижелері туралы сертификат немесе педагог-модератордан төмен емес қолданыстағы біліктілік санатының болуы туралы куәлік (бар болса);

10) ағылшын тілі педагогтері лауазымына орналасуға кандидаттар үшін пән бойынша шекті деңгейі кемінде 90% сертификаттау нәтижелері туралы сертификаты немесе педагог-модератордың немесе педагог-сарапшының, немесе педагог-зерттеушінің немесе педагог-шебердің біліктілік санатының болуы туралы куәлік (бар болса) немесе Celta сертификаты (Certificate in English Language Teaching to Adults. Cambridge) pass a; Delta (Diploma in English Language Teaching to Adults) Pass and above немесе IELTS (IELTS) – 6,5 балл; немесе TOEFL (TOEFL) (интернетке негізделген тест (IWT)) – 60-65 балл; болу керек.

11) 11-қосымшаға сәйкес нысан бойынша педагогтің бос немесе уақытша бос лауазымына кандидаттың толтырылған бағалау парағы.

12) тәжірибе жоқ кандидаттың бейнепрезентациясы кемінде 15 минут, ең төменгі ажыратымдылығы – 720 x 480.

   Контакт:

Түйіндемені «Түйіндеме» белгісімен astana_lizei15@mail.ru электронды поштасына да жіберу керек.

Конкурс қорытындысы №15 мектеп – лицейдің сайтында жарияланады. 04.09.25ж.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *