Skip to content

Директор орынбасарларының блогы

Алибекова Ардак Ашикпаевна

директордың бейіндік оқыту жұмысы бойынша орынбасары

Туған күні: 26 тамыз 1966 ж.

Қостанай облысы  Амангелді  ауданы,  Тасты ауылындағы  орта мектепте оқыған.

 Білімі:  жоғары,  Ы. Алтынсарин  атындағы Арқалық  мемлекеттік институтын бітірген. Мамандығы: педагогика және бастауыш оқыту әдістемесі

 1985 жылдан бастап 1997 жылға дейін Тасты ауылында бастауыш сынып мұғалімі болып қызмет атқарды.

  1998 жылдан бастап Астана қаласында №15 мектеп-лицейінде қызмет атқарып келеді:

2005-2009  жылдан бастап Астана қаласындағы №15 мектеп-лицейі нде директорының  тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары болып  жұмыстанды.

2009- осы күнге дейін директордың бейіндік оқыту жұмысы бойынша орынбасары.

Жалпы еңбек өтілі: 40 жыл

Кәсіби қызметі: білім беру саласында 40 жыл, оның 20 жылы директордың  орынбасары, педагог-зерттеуші, бірінші санатты директордың орынбасары қызметін атқарады.

Марапаттары: «Қазақстан Республикасының білім беру ісінің құрметті қызметкері» төсбелгісімен, жоғары көрсеткіштері үшін Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің, Астана қаласы әкімінің, Астана қаласы Білім басқармасының Құрмет грамоталарымен марапатталды.

Калиулина Марияш Карбаевна

директордың оқу жұмысы бойынша орынбасары

  Туған күні: 14 наурыз 1964 ж.

 Қорғалжын ауданы,  Сабынды ауылындағы орта мектепте оқыған.

Білімі: жоғары, С.Сейфуллин атындағы Целиноград мемлекеттік институтын бітірген. Мамандығы: орыс тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі.

     1986 жылдан бастап 2002 жылға дейін М.Мәметова атындағы ауылда орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі болып қызмет атқарды.

      1992 жылдан бастап директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары болып тағайындалды. 

2002 жылдан бастап Астана қаласындағы №15 мектеп-лицейінде орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі болып жұмыс істейді.    2003 жылдан бастап Астана қаласындағы №15 мектеп-лицейі директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары болып тағайындалды.

Жалпы еңбек өтілі: 38 жыл

Кәсіби қызметі: білім беру саласында 38 жыл, оның 21 жылы директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары, педагог-зерттеуші, бірінші санатты директордың орынбасары қызметін атқарады.

Марапаттары: Қазақстан Республикасының білім беру саласындағы ерекше еңбегі үшін «Қазақстан Республикасының білім беру ісінің құрметті қызметкері» төсбелгісімен, жоғары көрсеткіштері үшін Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің, Астана қаласы әкімінің, Астана қаласы Білім басқармасының Құрмет грамоталарымен марапатталды.

Молдабекова Жанар Сериковна

директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары

Туған күні: 1 қараша 1978 ж

Ақмола облысы Атбасар ауданы Шуйское ауылындағы орта мектепте оқыған


Білімі : жоғары, Е.А Бөкетов атындағы Қарағанды
мемлекеттік университетін бітірген . Мамандығы: Тарихшы .
Тарих және әлеуметтік саяси пәндердердің оқытушысы.

Магистр: Абай атындағы Көкшетау университеті тарих пәні ғылымдарының магистрі

1999 жылдан бастап 2000 жылға дейін Атбасар ауданында Новоалександров мектебінде тарих пәнінің мұғалімі

2004 жылдан бастап 2007 жылға дейін Көкшетау қаласының № 19 орта мектептің тарих пәнінің мұғалім

2007 жылдан бастап 2025 жылға дейін Астана қаласының № 15 мектеп лицейінің тарих пәні мұғалімі жәнеде, 2009 жылдан бастап Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасыры .


Жалпы еңбек өтілі: 26 жыл
Кәсіби қызметі : білім беру саласында 26 жыл , оның 16 жылы директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары. Санаты пән бойынша зерттеуші .


Марапаттары: Астана қаласы Білім басқармасының Алғыс хатымен марапатталды. Сарыарқа аудандық әкімшілігінің
Алғыс хатымен марапатталды .

Кайдарова Жанар Сансызбаевна

директордың оқу жұмысы бойынша орынбасары

Туған күні: 23 наурыз 1984 ж.

            Павлодар облысы,  Железин ауданы, Шоқан Уәлихан ауылындағы орта мектепте оқыған.

  Білімі: жоғары, С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетін бітірген. Мамандығы: қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі.

Жалпы еңбек өтілі: 19 жыл

Кәсіби қызметі: білім беру саласында 19 жыл, оның 5 жылы директордың орынбасары, педагог-сарапшы, директордың оқу ісі орынбасары қызметін атқарады.

2006 жылдан бастап Павлодар қаласының  № 41 мектептің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі болып қызмет атқарды.

2013 жылы Павлодар облысының Железин ауылындағы № 3 мектебінде директордың бейіндік оқыту жөніндегі орынбасары болып тағайындалды.

 2015 жылы Павлодар қаласындағы №41 мектепте қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі болып жұмыс істеді.

2018 жылы Павлодар облысының Железин № 2 мектепте директордың бейіналды оқыту жөніндегі орынбасары болып тағайындалды.

            2020 жылы Павлодар қаласындағы №41 мектепте қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі болып жұмыс істеді. 2021 жылдан бастап Астана қаласының № 15 мектеп-лицейінде қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі болып қабылданды. 2022 жылы Астана қаласының № 15 мектеп-лицейінде директордың тәрбие  жөніндегі орынбасары болып тағайындалды. 2023 жылы Астана қаласының № 15 мектеп-лицейінде кәсіподақ төрайымы болып қызмет атқарды. 2024 жылы Астана қаласының № 15 мектеп-лицейінде директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары болып тағайындалды.

Марапаттары: Астана қаласы Білім басқармасының Алғыс хатымен марапатталды.

   

Сулейменова Айгуль Камидулловна

директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары

Туған күні: 12 ақпан 1978 ж.

Қарағанды облысы,  Нұра ауданы,  Киевка кенті  орта мектебінде оқыған.

 Білімі: 1) жоғары, Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті – 20.04.2005ж.

2)жоғары,  Ы. Алтынсарин  атындағы Арқалық  мемлекеттік институты-01.07.2020ж.

 Мамандығы: 1) педагогика және психология; 2) педагогика және бастауыш оқыту әдістемесі

01.09.2000  жылдан бастап 16.08.2001 жылға дейін Қарағанды обл. Нұра ауданы, Шахтер ауылы, Шахтер ОМ Бастауыш сынып мұғалімі;

20.08.2001 жылдан бастап 29.08.2014 жылға дейін Қарағанды обл. Нұра ауданы, Майоровка ауылы, Киров ОМ Бастауыш сынып мұғалімі;

09.01.2008ж. – 01.11.2010ж.  Қарағанды обл. Нұра ауданы, Майоровка ауылы, Киров ОМ Мектеп директорының бастауыш сыныптар бойынша орынбасары;

01.09.2012ж. – 29.08.2014 жылдары Қарағанды обл. Нұра ауданы, Майоровка ауылы, Киров ОМ Шығармашылық жұмыстарының ұйымдастырушысы;

01.09.2014 жылдан осы күнге дейін  Астана қ. «№ 15 мектеп-лицейінде» бастауыш сынып мұғалімі болып жұмыс жасайды.

01.09.2024 жылдан  Астана қ. «№ 15 мектеп-лицей» ШЖҚ МКК директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары болып еңбек етеді.

Жалпы педагогикалық еңбек өтілі: 26 жыл

Кәсіби қызметі: білім беру саласында 26 жыл, оның 1 жылы директордың  орынбасары, педагог-сарапшы, бірінші санатты директордың орынбасары қызметін атқарады.

Марапаттары: «Критериалды бағалау заманауи сабақ табыстылығының факторы» қалалық семинар-практикум өткізгені бойынша  Білім беруді жаңғырту орталығы сертификаты; 2019 жылы  математикалық халықаралық олимпиадасының 2 орын жеңімпазы; А.Байтұрсынов төсбелгісі; 2022 жылы “шығармашылық топ” мүшесі  Астана қаласының «Әдістемелік орталығы» elorda.mektep.kz білім беру ұйымдарына бастауыш пәндер бойынша  сабақтар жиынтығы, тәжірилері жарияланылған; 2023 жылы  Зерделі олимпиадасының жоғары ұпаймен  “Математикалық клуб”  мүшесі қатарына енді; Республика бойына Шәкірттері дарынды, грант иегерлері.   Еңбек жолында облыстық, аудандық, мектепішілік алғыс хаттар мен марапаттар иеленген.

Медеубаев Ермек Муратбекович

Директордың әкімшілік бөлім бойынша орынбасары

Туған күні : 15 қаңтар 1976 ж

ШҚО Марқакөл ауданы Теректі ауданында туылған,1993 жылы №1 Қалжыр орта мектебін бітірген.

1996 -1998 жылдары Қазакстан Республикасының шекара әскері қатарында әскери борышын өтеген. Білімі жоғары, мамандығы заңгер.

1999-2002 жылы ШҚО гуманитарлық колледжін заңгер мамандығына аяқтаған.

2002 -2005 жылдар аралығында Көкшетау университетін заңгер мамандығы бойынша бітірген.

1999 жылдың тамыз айынан 2018 жылдың маусым айы аралығында ҚР Ішкі істер министрлігінде қызмет атқарып, запастағы офицерлер қатарына алынған.

2022 жылы №15 мектеп- лицейде құқықбұзушылықты алдын алу менеджері болған.

2023 жылдың қазан айынан бастап қазіргі уақытта №15 мектеп -лицей директорының әкімшілік шаруашылық жұмысы бойынша орынбасары лауазымында.