Кабыкенова Сафия Ахилбекқызы
06.11.1994 жылы дүниеге келген
Петропавл қаласындағы «әл-Фараби мектеп-лицейін» тәмамдаған. Екі жоғары білімді және магистратураны бітірген. Манаш Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан Мемлекеттік университетін және Орталық Қазақстан академиясын « Шет тілі филологиясы» және «Құқықтану» мамандықтары бойынша аяқтаған. Омбы Мемлекеттік Педагогикалық университетінде «Оқу процессін басқару» мамандығы бойынша магистратурада оқыған.
2015-2017 жылдары Петропавл қаласындағы «әл-Фараби» мектеп-лицейі» КММ-де ағылшын тілі пәні мұғалімі;
2017-2022 жылдары Петропавл қаласындағы «№7 орта мектеп» КММ ағылшын тілі мұғалімі;
2021-2022 жылдары Петропавл қаласындағы «№7 орта мектеп» КММ директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары;
2022-2023 жылдары Астана қаласы «№62 мектеп-лицей» ШЖҚ МКК директордың бейіндік ісі жөніндегі орынбасары және ағылшын тілі мұғалімі;
2023-2024 жылдары Астана қаласы «№60 мектеп-лицей» ШЖҚ МКК директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары және ағылшын тілі мұғалімі.
2024 жылдың 2 сәуірінен бастап Астана қаласы «№15 мектеп-лицей» ШЖҚ МКК директоры лауазымына тағайындалды.
Санаты: педагог-сарапшы. Көптеген халықаралық және республикалық конференциялардың қатысушысы. «Жайлы мектеп» жобасы бойынша кабинеттердің техникалық сипаттамасын жасауға қатысқан. Оқу-ағарту министрлігі мен СҚО Білім басқармасының Алғыс хаттары және грамоталарымен марапатталған.
2023 жылы ҚР Президенті Қ.К.Тоқаевтың бастамасымен жүзеге асырылған мектеп басшыларының кадрлық резерві бағдарламасына қатысып, іріктеуден өткен.