Skip to content

Мектеп тарихы

60 жылдан астам уақыт ішінде мектеп өміріндегі маңызды оқиғалар:

1956

1956-1965

1963 жылы жаңа бес қабатты ғимараттың құрылысы аяқталғаннан кейін мектеп жаңа мәртебеге – орта мектеп мәртебесіне ие болды. 1956-1965 жылдары мектеп директоры болып Ұлы Отан соғысының ардагері Қандыбин Григорий Иванович қызмет атқарды.

1956

1965

1965-1974

1965 жылы мектепке А. Матросов атындағы орта мектеп атағы берілді. 1965-1974 жылдары мектепті Ұлы Отан соғысының ардагері, орыс әдебиеті мен тарих пәнінің мұғалімі, қаладағы алғашқы туристік альпинистік топтардың негізін қалаушы – Черезов Михаил Иванович басқарды.

1965

1975

1975-1990

1975-1990 жылдары мектеп директоры болып тарих пәнінің мұғалімі, Қазақстан Республикасының білім беру саласының Құрметті қызметкері Юрчинский Фёдор Станиславович еңбек етті. Осы кезеңде мектеп әкімшілігі білім реформасында қойылған міндеттерді шешудің өзіндік тәсілін қалыптастырды. Мектепте мультимедиялық сынып пен «Жауынгерлік және еңбек даңқы» атты мектеп мұражайы ашылды.

1975

1990

1990-2004

1998 жылы мектеп-лицей мәртебесін алды. «Ағылшын тілін ерте оқыту» атты эксперименттік алаң іске қосылды, Лысенкер Л.Ш. және Лысенкер Э.М. авторлығымен «Бизнес-математика» элективті курсы енгізілді, медициналық бейінді сыныптар құрылды. 1990-2004 жылдары мектепті орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі, Қазақстан Республикасының білім беру саласының Құрметті қызметкері Ермакова Валентина Ильинична басқарды.

1990

2005

2005-2006

2005-2006 жылдары мектеп директоры қызметін бастауыш сынып мұғалімі Исаханов Мурат Болатович атқарды. Мурат Болатович мектептегі тәрбие жұмысына ерекше назар аударып, шығармашылық тұлғаны қалыптастыруға бағытталған жүйені дамытты.

2005

2014

2006-2021

2014 жылы мектеп қаладағы жетекші мектептердің біріне айналды, «Авиценна», «STEM» сынды инновациялық жобалар енгізілді. 2012 жылы мектеп ғимаратына күрделі жөндеу жүргізіліп, материалдық-техникалық база нығайтылды. 2006-2021 жылдары мектеп директоры қызметін физика пәнінің мұғалімі, Қазақстан Республикасының білім беру саласының Құрметті қызметкері, Ы. Алтынсарин медалінің иегері Жаркенов Бауржан Капарович атқарды.

2014

2021-2024

2021-2024 жылдары мектепті «Қазақстан Республикасының білім беру саласының Құрметті қызметкері», Ы. Алтынсарин атындағы төсбелгі иегері Сматаева Баглан Касеновна басқарды.

Баглан Касеновна мектепішілік бақылау жүйесін жүйелеуге және инклюзивті білім беруді дамытуға ерекше көңіл бөлді.

2024

№15 мектеп-лицей – Астана қаласындағы жетекші білім беру мекемелерінің бірі. Оқыту мемлекеттік және орыс тілдерінде жүргізіледі. Мектеп жаратылыстану-математикалық бағытта білім береді: биология-химия, физика-математика.

 

2014 жылдан бастап мектеп қалалық кластердің жетекші мектептерінің бірі болып табылады және серіктес мектептермен бірлескен қауымдастықта жұмыс істейді.

 

2017 жылдан бері профильдік медициналық сыныптары бар «Авиценна» жобасы жүзеге асырылуда, сондай-ақ «Дебат» жобасы табысты жүргізілуде.

 

Мектепішілік шығармашылық топтар:

  • «Lesson study»
  • «Математика сабақтарында деңгейлік тапсырмалармен жұмыс жасау»
  • «Функционалдық сауаттылықты қалыптастыру»
  • «Әрекеттегі зерттеу»
  • «Қыз тәрбиесі – қоғам тәрбиесі»

 

Үйірмелер мен клубтар:

  • Домбыра
  • Дебат клубы

 

Спорттық секциялар:

  • Волейбол (ұлдар, қыздар)
  • Баскетбол (ұлдар)
  • «Денсаулық» тобы (мұғалімдерге арналған)